Шымкент қаласында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін жекпе-жек ұрыстан жеке-командалық чемпионат басталды. Оған қатысушылар алдымен тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алып, ескерткішіне гүл шоғын қойды. Чемпионатқа әр аймақтан келген 7 команда қатысуда. 50-ге жуық сарбаз 7 салмақ дәрежесі бойынша ептіліктері мен шеберліктерін сынға салады. Олардың арасында 15 спорт шебері және 2 халықаралық дәрежедегі атаққа ие сарбаздар бар. Жарыс екі күнге созылады. Чемпионат ұлттық құраманы жасақтау үшін мықты спортшыларды анықтауды мақсат тұтып отыр.
Сәтжан Әбішев, ҚР Ұлттық ұланы спорт бөлімінің басшысы:
Екінші мақсатымыз желтоқсан айында қарулы күштердің халықаралық жарысы болады жекпе жек сайысы бойынша. Соның алдын ала оқу-жатығу өткізіп, сарбаздарымызды іріктеп, сол жарысқа қатыстыру.
Ғани Қалмахан