Елордаға 200 млрд теңге инвестиция салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға 200 млрд теңге инвестиция салынды

07.04.2023

Астанада биыл 6 жарым мың әлеуметтік пәтер салынбақ. Сондай-ақ, 90 мың оқушыға арналған 24 мектептің жобасы әзірленіп жатыр. Президенттің қабылдауында болған қала әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп есеп берді. Кездесу барысында Мемлекет басшысына инвестиция тарту туралы мәлімет берілді. Биылдың өзінде қалаға салынған инвестиция көлемі 200 миллиард теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз көп.

Жеңіс Қасымбек , Астана қаласының әкімі:

Экономикалық және әлеуметтік жағдай бойынша есеп берілді. Жылдың басынан бірінші тоқсанда жалпы экономиканың әрбір саласы бойынша өсім бар. Оң динамика.


Хабарламаларға жазылу