Жигули Дайрабаев мандатын тапсыру керек пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жигули Дайрабаев мандатын тапсыру керек пе?

07.04.2023

Тараз қаласының нөмірі екінші соты: алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты үкім шығарған еді. Осыған байланысты, бүгін Мәжілісте журналистер Жигули Дайрабаевтың өзінен мән-жайды сұрамақ болған. Бірақ, депутат бүгін Парламентке келмеді, ал «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаевтың өзі Жигули Дайрабаевқа қоңырау шалғанымен ол тұтқасын көтермеген. Сол себепті, біз ұлдарының істі болуына байланысты Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсыру керек пе деп, әріптестерінен сұрадық.

Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заң негізінде шешілу керек деп ойлаймын. Егер сондай талап болатын болса. Егер сол талап қойып жатқан адамдар петиция жинай ма, қол жинай ма, бір заңдық арнаға түсіріп барып әрекет етпесе былай, фейсбукта, әлеуметтік желіде бір топ айтты деп салмақты әңгіме болмайды ондай.

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

18 жастан асқаннан кейін әркім өзінің мойнына жауапкершілікті алу керек. Бірінші кезекте. Кәмелеттік жастан асты ғой. Сондықтан, әр адам, әр бала жеке тұлға.

Анас Баққожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі:

Жеке Жигули Дайрабаевтың басына қатысты іс жоқ, бұған қатысы тікелей жоқ. Ол абыройы бар, ары таза біздің партиямыздың фронт-мэні осы бір аптаның өзінде өзін өте белсенді көрсетіп жатыр. Сондықтан, біз фракция ретінде позициямыз осындай.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу