Ресей валютасының бағамы күрт төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей валютасының бағамы күрт төмендеді

08.04.2023

Ресей валютасының бағамы күрт төмендеді. Апта басынан бері доллар 5 пайызға, ал еуро тіптен 13 пайызға қымбаттаған. Рубль осылайша былтыр сәуір айындағы мәніне дейін арзандады. Сарапшылар мұны жаңа экономикалық шындықтың қалыптасуымен, елден шетелдік компаниялардың кетуімен байланыстырып отыр. «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, Ресей валютасының күрт арзандауына британиялық Shell компаниясының «Сахалин-2» жобасынан шығуы әсер еткен. Бұған қоса импорт өсіп, экспорттан түсетін кіріс азайды. Reuters-дің мәліметінше, рубль биыл ең нашар нәтиже көрсеткен валюталар арасында мысыр фунты мен аргентиналық песодан кейін үшінші орында тұр. Дегенмен трейдерлердің пікірінше, мұнай бағасының өсуі Ресей валютасына алдағы апталарда қолдау көрсетуі мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу