Электр энергиясына артық ақша төлеген астаналықтарға қаражаты қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергиясына артық ақша төлеген астаналықтарға қаражаты қайтарылады

10.04.2023

Электр энергиясына артық ақша төлеген астаналықтарға қаражаты қайтарылатын болды. Бұл мәселені қалалық прокуратурада уәкілетті органдардың қызметкерлері, әкімдік пен қызмет көрсетуші компания өкілдері талқылады. Тексеру кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені, және тұрғындарға орташа тәуліктік көлем жіберілгені анықталған.

Қазір ондаған мың абонент үшін қуат көлемі қайта есептеліп жатыр. Түзету жұмыстары прокуратураның бақылауында. Болашақта электр энергиясы үшін артық төлем есептелсе кез келген абонент табиғи монополияларды реттеу органына жүгіне алады. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу