Шығыс Қазақстанда «Өскемен-Риддер» автожолы 43 шақырымға қысқарады. Ол үшін Риддер қаласына төте жол салынбақ, алғашқы зерттеу, сараптау жұмыстары басталып кетті. Ал жолаушылар қатынап жүрген жол шұрық- тесік. Оған қоса тау арасындағы бұралаңы көп . Жолдың сапасын қадағалайтын зертхана мамандары жыл басынан бері екі рет тексеруге шығып 10-нан аса кемшілікті анықтаған. Ал төте жол салынса Риддер мен Өскемен арасындағы логистика дамиды. Туристік нысандар мен ауылдарға қатынау жеңілдейді.
Нұржан Сағымбаев, көлік жүргізушісі:
Жолда тар шұңқырлар көп, 2 машина келсе, сыймай қаламыз. Соғамыз машинаны, соғамыз, жөндейміз, сонымен жүрміз.
Нұрбек Тұраров, Облыстық жолаушылар көлігі басқармасы басшысы:
Тұрғындар Риддерге жету үшін 2 сағат жол жоғалтса, жаңа жолмен 1 сағатта барады. Барлау зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, сонымен құрылыс құны сараптама өткеннен кейін сарапшылар қорытындысымен белгіленетін болады.
Олжас Керейхан