Риддерде жылу ақысы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде жылу ақысы арзандады

10.04.2023

Риддерде жылу тарифы 18 пайызға төмендеді. Мұндай шешім су, жылу мен электр энергиясын беріп отырған монополист компанияны прокуратура тексерген соң қабылданды. Жылу электр орталығындағы құрал-жабдықтан осы қыста 67 рет ақау шыққан. Ақпанда өрт, наурызда жарылыс болып, бір жылда екі рет төтенше жағдай жарияланды.

Тұрғындар қыстай жылу мен ыстық суға жарымады. Кәсіпорынның кредиторлық қарызы 3 миллиард теңгеден асқан. Прокуратура тексеру кезінде, бірқатар былықтың бетін ашып, 11 миллион теңге айыппұл салған. Кешенді тексерістен соң 22 мың абонентке 63 миллион теңге төлем қайта есептелді.

Мақсұт Тоқсанбаев, Облыстық прокуратураның ресми өкілі:

Тексеру барысында 548 миллион теңге сомасында тарифті смета және инвестициялық бағдарламалар қаражатын мақсатсыз жұмсау, табиғи монополиялар заңнамсын бұзу фактілері анықталды. Бірінші сәуірден бастап келесі жылдың 31 наурызына дейін халыққа тарифті 18% төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу