Италияның жағалау күзеті теңізден 1200 мигрантты құтқару үшін ауқымды операция бастады. Олар балық аулауға арналған екі қайықтан табылған. Заңсыз мигранттар Ливияның Тобрук қаласынан шыққаны анықталды. Жағалау күзеті оларды түгел шығарып ала алмай отыр. Суда теңселген қайықтардың адамға лық толы болуы жағдайды қиындатып отыр. Бұған дейін өзге бір операция барысында 2 мыңдай мигрант құтқарылған еді. Олардың екеуі суға батып кетті. Ал 2014 жылдан бері қауіпті теңіз жолымен Еуропаға жетуді көздеген 26 мыңдай адам көз жұмған немесе жоғалып кеткен.
Арай Төлегенқызы