Норвегияда байлыққа салынатын салық көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегияда байлыққа салынатын салық көбейді

12.04.2023

Норвегияның бай-бағыландары елден үдере көшіп жатыр. Себебі, Үкімет байлыққа салынатын салықты көбейту туралы шешім қабылдаған. Былтыр елден 57 млрд доллар ақшасы бар 30 миллиардер кеткен. Биыл олардың саны екі есе ұлғайып, тиісінше, қалталылардан бюджетке түсетін кіріс азаяды, дейді сарапшылар. Қазір Норвегия байлары құны 162 мың доллар тұратын мүліктен 0,7 пайыз; 2 млн доллар активі барлар 0,4 пайыз салық төлеуге міндетті.

Инге Рекке, сарапшы:

Олар Норвегияда жетістікке жетіп, осында байыды. Елдің дамуына қаржылай қолдау көрсетудің орнына үдере қашып жатқаны ұят. Кірісті көп табатындар, тиісінше, салықты көп төлеуі керек деген әділетті қоғамның басты қағидасы болуы шарт.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу