Латвия үкіметі міндетті әскери қызметті қайта енгізеді. Ел парламенті «мемлекеттік қорғаныс қызметі» туралы заңды қабылдады. Соған сәйкес 1-шілдеде әскерге 300 еріктіні қабылдау басталады. Ал 2024-жылдың қаңтарынан бастап 18 бен 27 жастағы ер азаматтар міндетті түрде бір жыл Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Қыздарға ерікті түрде қатысуға рұқсат. Елдің қорғаныс министрлігі осы арқылы әскердің санын қазіргі 2 мыңнан 22 мыңға жеткізбек.
Эдгарс Алексежевс, әскери қызметкер:
Қазір жас жігіттер әлсіз боп кетті. Бәрі тек ғаламтор мен әлеуметтік желіде батыр. Ал көршілеріміздегідей ел басына күн туса, Отанды кім қорғайды? Сондықтан бұл шешімді халықтың 47 пайызы қолдап отыр.
Нұрсұлу Қасым