«Балаларым кінәсіз». Осылай деген мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев қос ұлының әділдік үшін соңына дейін күресетінін айтты. Мандатымнан бас тартпаймын деді. Еске салайық, Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталған Дайрабаевтың екі ұлына қатысты үкім шығарған еді.
Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі:
Екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін, апплеция береді, адвокаттар жұмыс істеп жатыр. Менің Парламент қабырғасында жүріп еңбек еткенімде халыққа көп пайда тиеді. Арым да, ұятым да халық,