Үндістанның Пенджаб штатындағы әскери базада атыс болып, 4 сарбаз қаза тапты. Кімдердің оқ атқаны әзірге белгісіз. «Рейтер»-дің хабарлауынша, оқиға Бхатинде қаласындағы әскери базаның асханасында болған. Қазір жауаптылар іздестіріліп жатыр. Жергілікті полиция шабуылдың террористік әрекет емес екенін айтты. Атыс болған жер қоршауға алынған. Тергеу жүріп жатыр.
Арай Төлеген