Степногорск қаласындағы көппәтерлі 2 тұрғын үйдің қабырғасы қарқырап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорск қаласындағы көппәтерлі 2 тұрғын үйдің қабырғасы қарқырап тұр

13.04.2023

Ақмола облысы Степногорск қаласында көпбалалы отбасыларға берілген 45 пәтерлі екі тұрғын үйдің қабырғасы қарқырап, іргетасы шөгіп барады. Бірнеше жыл бұрын ғана тапсырылған қос үйдің тұрғындары мердігердің ісі әуелден шала болды дейді.

Ербол Рахимов, қала тұрғыны:

Бізде бір жыл болмай, жарты жыл болмай су жоқ. 1,5 жыл, міне, тұрып жатқандарына, адамдарда су жоқ. Жуынып жатқан жоқ. Ыстық су жоқ. Су тигеннен кейін отырып қалды.

Ал жергілікті билік тұрғын үйлердің 17 кепілдікте тұрғанын айтып сендірді. Яғни, қандай да бір олқылық болса, мердігер өз қаржысына жөндеп береді.

Асхат Игберденов, Қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

Тұрғындар үй шөгіп барады, қабырғалары жарылып жатыр деп шағымданды. Біз жедел түрде шара қабылдадық. Үйді салған мердігерлерді шақырып, пәтерлердің барлығын тексеріп шықтық. Олар өздерінің жұмыскерлерімен келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу