Зейнетақы қорындағы жинақ 15 трлн теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы қорындағы жинақ 15 трлн теңгеден асты

13.04.2023

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылардың жинағы 15,1 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы мөлшермен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге көп. Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Міндетті зейнетақы 11,1, ал, міндетті кәсіптік зейнетақы мөлшері 21 пайызға артса, ерікті жарна 2 есе көбейген. Жинақтың ең көп соммасы Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысына тиесілі.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу