Алматыда 2 млн 300 мыңдай түп ағаш зиянкестерге қарсы биологиялық өңдеуден өтеді. Қала әкімдігі бірінші кезеңде емендер мен теректер өңделетінін айтады. Жұмыс барысында адамдарға, құстар мен жануарларға зияны тимейтін сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жасалады.
Қуан Нұрақын