Ресейде 16 жасар оқушы мектепте атыс ұйымдастырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде 16 жасар оқушы мектепте атыс ұйымдастырған

14.04.2023

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында мектепте атыс болды. Тоғызыншы сынып оқушысы өзінен кішілерге оқ атқан. Бізбен тікелей байланысқа Санкт-Петербург қаласынан тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, жапа шеккен балалардың жағдайы қалай?

Индира Бегайдар, тілші:

Иә, Дархан 16 жасар оқушы мектепке пневматикалық тапанша алып келген. Төрт оқушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Атыс ұйымдастырған оқушы осыған дейін ұрлық үшін ұсталып, есепте тұрған. Мектепте оқты ойын үшін қолданды деген болжам бар. Тергеу комитеті оқушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Кеше 2021 жылы Татарстандағы орта мектепке мылтық алып келіп, тоғыз адамның өмірін қиған Ильназ Галявиевке қатысты жоғары сот шешім қабылдап, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Светлана Петренко, РФ тергеу комитетінің ресми өкілі:

Галявиев ұзақ уақыт бойы психиатриялық тексеруден өтті. Біздегі бар материалдарға сәйкес ол деструктивті ағымның жетегінде кеткен адамдарға еліктеген. Сондықтан, ол қылмыстық кодекске сәйкес бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылады.

Жалпы соңғы жылдары Ресейдегі орта мектептерде атыс оқиғалары көбейіп кетті. Оған қоса заңсыз қару сату фактілері де артып барады. Сондықтан енді психикалық ауытқуы бар адамдардың реестрі құрылады. Бұған дейін ол дәрігерлік құпия болатын. Арнайы заң жобасы қазір парламент қарауында.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу