Италияда ғалымдар жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда ғалымдар жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады

14.04.2023

Италияның Милан технологиялық институтының ғалымдары жеуге және қайта зарядтауға болатын батарея жасады. Оны құрастыруға миндаль, каперс, белсенді етілген көмір, теңіз балдыры, алтын жапырақ және балауыз пайдаланылған. Бұл қуаттағыш электродты миндаль мен каперстен алады.

Батарея небәрі 0,65 вольтта жұмыс істейтіндіктен, адам ағзасына зиян тигізбейді. Сондықтан, онымен асқазан-ішек ауруларын анықтауға арналған шағын сенсорды қуаттандыруға болады.

Тағы бір айта кететін жайт, аккумулятордың ерекше прототипі адам асқазанын тексергеннен кейін сенсормен бірге қорытылып кетеді. Яғни, оны организмнен шығару үшін хирургиялық ота жасау қажет емес.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу