Ұлытау облысында мекеме басшысы қарттардың қаржысын жымқырды деп күдіктелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында мекеме басшысы қарттардың қаржысын жымқырды деп күдіктелуде

14.04.2023

Ұлытау облысында әлеуметтік мекеме басшысы қарттардың 12 млн теңгесін ұрлады деген күдікпен ұсталды. Ол қарамағындағы қызметкерлерімен бірлесіп мекемеде тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтардың ақшасын жымқырған. Күдіктілердің жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қарияларға тиесілі 800 мың теңгеге жуық ақша мен банк карталары тәркіленген. Сондай-ақ, қылмыстық әрекеттерді дәлелдейтін айғақ заттар табылған. Мекеме басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалып, аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу