Ақтөбеде бір жарым жастағы бала құдыққа құлап, көз жұмды. Ол ауыр бас жарақатын алған, қабырғалары сынған. Сәбидің өмірін дәрігерлер құтқарып қала алмады. Бөбек тереңдігі үш жарым метр болатын коммуналдық кәсіпорынның иелігіндегі құдыққа құлап түскен. Оқыс оқиға кезінде құдық қақпағы ашық, әлде жабық болғаны белгісіз. Полиция тергеуді бастады.
Жақсыбек Кемал