Жеңісті жолды теннисшілеріміз де жалғастырды. Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан - Польша арасындағы матчта отандастарымыз күзде өтетін жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.
Бүгінгі алғашқы әрі соңғы кездесуде қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ші ракеткасы Елена Рыбакина, әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты. Екі сетке созылған ойынның есебін Рыбакина өз пайдасына жазды. Еске сала кетсек, кешегі ойында ұлттық құрама тенисшілерді Польшалықтардан 2:0 есебімен басым түскен еді. Рыбакинаның алғашқы матчтағы жеңісі ойын тағдырын шешіп тастады. Есеп 3:0.