Шахматтан әлем чемпионы кім болады? Астанада өтіп жатқан, дүниежүзі халқының назарын аударған әлем чемпионы титулын сарапқа салған матчтың бесінші партиясы аяқталды. Ойынның символикалық жүрісін боксшы, олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жасады. Фиде атынан шығып жатқан ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий фаворит. Ақ фигуралармен ойнаған ол бүгін қытайлық шахматшы Дин Лижэньді жеңді. Партия 4 сағаттан астам уақытқа созылды. Ян 48 жүрісте ойынды аяқтады. Есеп 3:2. Жалпы, бұл матч 14 партияға жоспарланған.
Асылбек Данияр