Жаңаөзендегі жарылыстан 3 адам қаза тапты. Денелері үйінді астынан табылған. Ал жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адамның жағдайы өте ауыр. Денелерінің 50-80 пайызын күйік шалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлады.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қазір мұнда құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Мамандар үйіндінің астынан төрт адамды аман алып шықты. Тағы үш адамның денесін туыстарына тапсырды. Соңғы мәлімет бойынша, жарақат алғандар саны 13-ке жетті.
Сондай-ақ, бүгін оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келіп, жараланғандар мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді . Ал жарылыстың кесірен баспанасыз қалғандарға үй беріледі.
Айта кетейік, оқыс оқиға Жаңаөзенде таңға жуық болған еді. 12 пәтері бар екі қабатты тұрғын үйде газ жарылған.