Петропавлдың Заречный кентінде саяжайды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдың Заречный кентінде саяжайды су басты

17.04.2023

Кешеден бері Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, тасып жатыр. Мамандардың айтуынша 19-20 сәуір күндері тасқын шарықтау шегіне жетеді. Облыс орталығында 2 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. 4 сағат сайын мониторинг жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, халықаралық Челябі-Новосібір тас жолының 4 шақырымын су басқан еді. Арнайы бекеттер орнатылып, көлік қозғалысы тоқтатылды. Қауіпті аймақта полиция және төтенше жағдай қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Назымбек Елемесов, Петропавл қалалық ТЖБ бастығы:

Бұл саяжайларды жыл сайын су басып қалады. Нақты санын анықтаймыз. Өзен деңгейі әлі де көтерілуде. Дегенмен тұрғын үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Заречный кентінің тұрғындары қалаға қатынау үшін жаяу көпір арқылы өтеді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу