Судан астанасы Хартум мен елдің өзге қалаларында қарулы қақтығыс жалғасып жатқанына үшінші күн. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, қаза тапқандар саны 185-ке жетті, тағы 1800-ден аса адам жараланған. Жауласушы тараптар әскери ұшақтарды, танктерді, артиллерия мен өзге де ауыр арсеналды қолданып жатыр. Бұл мемлекетте жанжал оты сенбі күні тұтанды. Қақтығыстардың басталуына армия қолбасшысы Әбдел Фаттах әл Бурхан мен Жедел қолдау күштерінің жетекшісі Мұхаммед Дагало арасындағы билікке талас себеп болған. Екі генерал исламшылдар үкіметін 2019 жылы, ал елді демократияға көшіруі тиіс басшылық органын 2021 жылы құлатты. Бурхан азаматтық үкімет құру үшін Дагалоның күштері армияның қарамағына өтуі керек деп есептейді. Қарсы жақ болса, бұл идеяны мақұлдамай, қолына қару алып, күреске кіріскен.
Арыстан Рысбек