Түркістан облысында үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

18.04.2023

Демографиялық өсімімен ерекшеленетін түстік өңірде тағы да үшем дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туған шараналар небәрі 1 келіден сәл-ақ астам салмақпен кіндігі кесілді. Сәбилердің 28 жастағы анасының бұл үшінші рет босануы. Түркістан облысының Бәйдібек ауданында тұратын отбасы сәбилерін бүгін перзентханадан алып шықпақ. Нәрестелеріне Арслан, Әлихан, Асылхан деген есім беріпті. Биыл Түркістан облысында осымен үшінші отбасы үшем сүйіп, қуанышқа кенеліп отыр.

Гүлден Сағатбекова, үшемнің анасы:
Үйдегілердің бәрі қуанды. Бірақ өзім шокта болдым. Қорықтым, қарай аламын ба, қалай болады деп. Дәрігерлердің арқасында бәрі жақсы. Ең ауыр болғаны бірінші мен үшіншісі. Жүректері соқпай туылды. Бәрін аман-есен қолыма берді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу