Қазақстан мен Өзбекстан азық-түлік тапшылығының алдын алу үшін бірлескен компания ашты. UzKazTrade деп аталатын мекеме екі елге арзан, тапшы тауарларды жеткізумен айналыспақ. Мәселен, көктемде жетіспей қалатын түрлі көкөністерді бұл мекеме алып сатарларсыз төмен бағада елге жеткізіп бермек.
Сол сияқты Өзбекстанға қажетті тауарды бізден тікелей тасымалдайтын болады. Осы арқылы тапшылық пен қымбатшылықтың алдын алу көзделген. Алдағы уақытта Пәкістанмен де бірлесіп осындай компания ашу жоспарланған.
Досжан Маратұлы