Көкшетауда жалған жарнама берген алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жалған жарнама берген алаяқ ұсталды

19.04.2023

Көкшетау қаласында арзан бағада көлік сатамын деп бірнеше адамды сан соқтырған алаяқ ұсталды. 27 жастағы қала тұрғыны сайтқа жалған ақпарат беріп, сатып алушылар табылғанда олардан алдын ала ақша алып отырған. Кейіннен ұялы телефонын өшіріп, хабар-ошарсыз кеткен. Сөйтіп, Алматы қаласы мен Қарағанды және Алматы облыстарының тұрғындарын алдап соққан. Қазір жалған жарнамаға сеніп, ақшасынан айырылған басқа да азаматтар анықталып жатыр. Тексеріс барысында күдіктіден 60 сим карта мен бірнеше ұялы телефон табылды. 

Хабарламаларға жазылу