Бразилия президенті Лула да Сильва ел мектептеріндегі қарулы шабуылдарға цифрлық желілер мен платформаларды айыптады. Мемлекет басшысы үкімет өкілдерімен бұл мәселені талқылау үшін арнайы кездесу өткізді. Себебі соңғы апталарда оқу ордаларына шабуылдар мен қоқан-лоққы көрсету жиілеп кеткен. Жақында екі мектепке жасалған қарулы шабуылдан 5 адам қаза тапты. Лула да Сильваның айтуынша, зорлық-зомбылықтың таралуына жауапты әлеуметтік желілерге қожайын компаниялар байығанның үстіне байып жатыр.
Арай Төлегенқызы