Мектепке қатысты мәселе көп - Алтай Көлгінов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепке қатысты мәселе көп - Алтай Көлгінов

19.04.2023

Еліміздегі мектептер оқушы санын еңсере алмай отыр. Жаңадан салынып жатқан мектептер демография мен миграциялық үдеріске ілесе алмауда. Үкімет кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім саласындағы бірқатар мәселелерді қозғады.

Оның айтуынша, елімізде әлі де 143 үш ауысымды мектеп бар. Тіпті, саманнан және ағаштан салынған тағы 300 мектеп жұмыс істеп тұр. Оқушылардың орын тапшылығы 279 мың. Орын ғана емес, мектептерге 4 мың педагог та жетіспейді. Ал, үш мыңнан астам мектепте интернет талапқа сай емес.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу