Ақтау энергокомбинатындағы апат: Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау энергокомбинатындағы апат: Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

20.04.2023

Ақтау энергокомбинатындағы апат - технологиялық жабдықтардың тозуынан болды. Бұл туралы «МАЭК» кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазір мұнда Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың нақты себептерін анықтайды. Еске салайын, Ақтауды жылумен жарықпен және сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында 16 сәуір күні апат болған еді. Соның салдарынан көптеген нысандар жарықсыз қалды. Сондай-ақ, Ақтау қаласының төменгі шағын аудандарында ыстық су тоқтатылды. Ал кейін ауыз судың да қысымы төмендетілді. Бірақ энергокомбинаттың мамандары дереу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, келесі күні жағдай тұрақталды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу