Судан астанасы Хартумнан мыңдаған бейбіт тұрғын қашып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судан астанасы Хартумнан мыңдаған бейбіт тұрғын қашып жатыр

20.04.2023

Қарулы қақтығыс жүріп жатқан Судан астанасы Хартумнан мыңдаған бейбіт тұрғын қашып жатыр. Әлемдік ақпарат құралдары 5 миллиондай тұрғыны бар қалада азық-түлік, ауыз су мен дәрі-дәрмек таусыла бастағанын хабарлады. Суданда үкімет армиясы мен «Жедел қолдау күштері» әскери тобының арасында жанжал басталған еді. 270 адам қаза тауып, 2 жарым мыңнан астамы жараланған. 2021 жылы билікке келген қолбасшы Әбдел Фаттах Бурхан азаматтық үкімет құру үшін «Жедел қолдау күштерін» өз қарамағына өтуге шақырды. Алайда бұған келіспеген қарсыластары қолға қару алып, содан қақтығыс басталған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу