Германияның әуежай қызметкерлері ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның әуежай қызметкерлері ереуілге шықты

20.04.2023

Германияның Гамбург, Кельн секілді ірі қалаларында әуежайлар қаңырап бос тұр. Әуе қауіпсіздігі қызметкерлері ереуілге шықты. Басты талап - жалақыны өсіру. Бүгін 700-дей рейс шегерілген. 100 мыңға тарта жолаушы жолынан қалды. Наразылық шеруі ертең де жалғасады. Наразылыққа Штутгарт әуежайының қызметкерлері де қосылмақ. Ал, апта соңына қарай көлік кәсіподақтары да шеруге шығады деген дерек бар. Айта кетейін, Еуропада соңғы айларда инфляция шарықтап, жалақыны өсіруді талап еткен ереуілдер жиіледі.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу