Түзеу мекемелері енді толық бақылауда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түзеу мекемелері енді толық бақылауда болады

20.04.2023

Еліміздегі 52 түзеу мекемесінде бейнебақылау камералары орнатылды. Яғни, нысандар толық бақылауда болады. Тиісінше абақтыда жәбір көретіндер саны 7 есеге азайған.

Бұл туралы «Азаптау мен қатігездіктің алдын алу» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда бас прокурор Берік Асылов айтты. Жыл басынан азаптау деректері бойынша 220 іс келіп түскен. Бесеуі құқық қорғаушыларға қатысты. Жалпы, қылмыстық істердің 94 пайызы электронды қаралады. Процесс ашық түрде жүреді. Жиынға ЕуроКеңес өкілдері, Орта Азия елдері мен Президент жанындағы адам құқықтары комиссиясының мүшелері қатысты. Зорлық-зомбылықпен күрес талқыланған кеңесте азаматтар құқығын қорғайтын заңдардың кей тұстарын жетілдіре түсу қажеттігі де айтылды.

Ризабек Ожаров, ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы:

Құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарда орын алатын азаптау, зорлық-зомбылықпен күресті күшейтіп жатырмыз. Бұл бағытта Еуропа елдерінен үлгі алуға тырысамыз. Тергеу әдісіміз «Стамбул хаттамасы» негізінде жүзеге асырылады. Қарауымызға келіп түскен 220 істің 48-і оңалту негіздері бойынша тоқтатылды, 143-і зерттеліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу