Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген тұрғын тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген тұрғын тергеліп жатыр

20.04.2023

Қасқырды шынжырмен ұрып алған ауыл тұрғыны жаза арқалауы мүмкін. Оқиға Ақтөбе облысында болды.

37 жастағы азамат малына шапқан түз тағысын мотоциклмен қуып жетіп, артынша оған жаяу қарсы шыққан. Әлеуметтік желі арқылы тараған мына бейнекөрініс тұрғындар арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі жігіттің өжеттігіне таңданса, екіншілері жануарды қорлағаны үшін айыптап жатыр. Ал, Полиция бөлімінің мамандары "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу