Екібастұз энергия торабы кешенді түрде жаңғыртудан өтеді - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз энергия торабы кешенді түрде жаңғыртудан өтеді - министр

24.04.2023

Екібастұз энергия торабы кешенді түрде жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет жиынында Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау жайы қаралды. Ұлттық экономика министрінің сөзінше, жалпы ішкі өнімді 6% деңгейінде қамтамасыз ету үшін экономика салаларында өсудің қосымша көздері пысықталады. Атап айтқанда, тау-кен өндіру секторын дамытуға, оның ішінде ірі мұнай-газ жобаларын, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторын жандандыруға баса назар аударылады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму саласында 2029 жылға қарай 147 мыңға жуық жұмыс орны пайда болмақ.  

Хабарламаларға жазылу