Астанада алты жыл ішінде үлескерлерді алдап соққан 45 адам сотталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алты жыл ішінде үлескерлерді алдап соққан 45 адам сотталған

24.04.2023

Астанада алты жыл ішінде үлескерлерді алдап соққан 45 адам сотталған. Тағы 147 азамат түрлі әкімшілік жазаға тартылды. Қалалық прокуратураға осы жылдар аралығында 143 талап арыз жазылған. 15 дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үлескерлердің даулаған қаражаты 100 млрд теңгеден асады. Жалпы, азаматтармен алдын ала шарт, ниет шарты, инвестиция, брондау сияқты жасырын шарттар жасасатын жосықсыз құрылыс компаниялары көп. Прокурорлар заңды айналып өту үшін түрлі қадамға баратын пысықайлардан абай болу керектігін ескертеді.

Хабарламаларға жазылу