Атырау облысында егіншілер арзан дизельмен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында егіншілер арзан дизельмен қамтылады

24.04.2023

Атырау облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген бағамен 800 тонна дизель бөлінді. Жер жыртып, тұқым себу үшін 91 шаруашылық сұйық отынға тапсырыс берді. Оның алғашқы 400 тоннасы 20 сәуірден бастап егіншілерге жеткізілді. Қалғаны мамыр-маусым айларына сұранысқа сай үлестірілмек . Жалпы, биыл өңірде 337 шаруашылық 10 мың гектардан астам егіс алқабын игеруі тиіс. Қазірдің өзінде 600 гектарға дән себілген.

Тілек Әміров, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Жеңілдетілген бағадағы дизель отынының 1литрі 207 теңгеден жеңімпаз оператор шаруашылық құрылымдарына сұраныс негізінде жеткізіп береді. Егер Атырау қаласындағы жеңімпаз оператордың мұнай базасынан алса, 202 теңге - 1 литрін алып кетуіне мүмкіндіктері бар.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу