Түркістан облысының Қарнақ ауылында мыңжылдық тұт ағашы бүр жарып тұр. Ағаштың түбі қурап кеткенімен, төбесіндегі бұталары жапырақ ашып, көгере бастаған. Жергілікті тұрғындар оны «Мәжарат тұт» деп атайды. Биіктігі 10 метрге жуықтайтын ағашқа 6 адамның құшағы әзер жетеді. Аңызға айналған тұт ағашын 8-ші ғасырда Ислам дінін Орта Азия елдеріне таратуға келген арабтар отырғызған деседі. Ал, кей әпсаналарда Пайғамбарымыздың сахабалары осы маңнан өткенде бұлақ басына тіреп қойған аса таяғы қалып кеткен деп айтылады. Тұттың ортасы үшке бөлінген. Ауыр тартқан бөліктерін тұрғындар арнайы ағаштармен тіреп қойыпты. Соңғы кезде алып ағашты көру үшін еліміздің әр аймағынан және шет елден арнайы келетіндер көбейген. Жергілікті халық/ ағашты суару үшін құдық қазып, арық тартқан.
Әбдутәліп Смайылов, Қарнақ ауылының тұрғыны:
Бұл ағаш 714 жылдары егілген. Сонда атын байлайын деп қазық қылып қаққан екен. Сол ағаш болып, тұт болып өсіп шықты. Бұл жерде осындай үш ағаш бар еді, екеуі жанып кетті. Енді біз мынанда қылып тіреп қойдық. Сөйтіп сақтап тұрмыз.
Айнұр Әбілқасымқызы