Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қоғамдық көлік жүргізушілері жетіспейді

25.04.2023

Көкшетауда 70-тен аса қоғамдық көлік жүргізушісі жетіспейді. Соның салдарынан қалада бір тәулікте жүруі тиіс 140 автобустың 94-і ғана бағытқа шығады. Ал оның зардабын қарапайым халық тартып отыр. Өйткені, қоғамдық көліктердің келу уақыты біршама ұзарған. Тұрғындар қыстыгүні аязда, жазда аптап ыстықта аялдамада сағаттап тұрып қиналамыз, дейді.

Алпысбай Малтазин, қала тұрғыны:

39-40 минутқа барады арасы. Сондықтан ол өте ұзақ. Жылдам бір жұмыспен бара жатсақ, көп тұрып қаласың. Автобус болмағаннан кейін такси жалдауға мәжбүр боласын.

Бүгінде шаһардағы қоғамдық көлік қозғалысына үш кәсіпорын жауапты. Олар бұл мәселе шешілмесе, жағдай күрделене түсетінін айтады. Қазір қалада автобус тізгіндеп жүргендердің тең жартысы зейнет жасында. Демек, алдағы бірнеше жылда мүлдем жүргізушісіз қалу қаупі бар.

Олег Агоев, автобус паркінің бас директоры:

«Д» категориясын алу үшін жүргізушілер 7 жыл оқуы тиіс. Осының салдарынан жас мамандарды жұмысқа алудың өзі қиын. Олар тәжірибе де жинай алмайды. Онымен қоймай, мұндағы жүктемеге көңілі толмай саладан кетіп жатқандар да көп.


Хабарламаларға жазылу