Елімізде 1432 ауылда мобильді интернетпен қамтылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1432 ауылда мобильді интернетпен қамтылмаған

25.04.2023
Жыл басынан бері байланыс және оның сапасына қатысты 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Жалпы соңғы жылдары шалғайдағы елдімекендерді интернетпен қамту мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Алайда нәтиже ойдағыдай болмай тұр.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Байланыс саласындағы жағдайды жақсарту үшін «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы әзірленген. Ол ірі қалалардағы интернетті ғана емес шағын ауылдарды да сапалы байланыспен қамтуды көздейді. Қазақстанда барлығы 6 406 елді мекен бар, оның 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. Жартысынан астамы 4G деп есеп берді Бағдат Мусин. Қарапайым айсам, халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған. Алайда осы ауыларға оптикалық интернет тарту тәсілі өзгертілмек.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Автожолдардағы интернет те жақсарады деді министр. Барлығы 487 антенна тіректері орнатылып, Нәтижесінде 17 000 км автожол мобильді интернетпен қамтамасыз етілмек. Осы жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстын жаңа буыны 5G енгізу мен дамытуды жоспарланып отыр. Бұл туралы алдағы шығарылымдарда толықтырып айтамын.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу