Ресей армиясы Украинаның Купянск қаласына шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның Купянск қаласына шабуыл жасалды

25.04.2023

Бүгін таңертең Ресей армиясы Харьков облысындағы Купянск қаласының орталығына шабуыл жасап, тарихи-өлкетану мұражайының ғимаратын қиратты. 1 адам қаза тауып, 10-ы жараланған. Мұны Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Telegram-каналында хабарлады.

«Лаңкес ел бізді толығымен құрту үшін бәрін жасап жатыр: ол тарихымызды, мәдениетімізді, халқымызды, украиндарды мүлде жабайы әдістермен жоюға бекінген», - дейді Зеленский.

Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов болса, қалаға С-300 зениттік зымыран кешенінен екі ракета атылғанын және олардың бірі азаматтық нысанға тигенін мәлімдеді. Дегенмен, Ресей әскери қолбасшылығы Купянсктегі оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу