Батыс Қазақстанда үш мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда үш мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді

25.04.2023

Батыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Олар шамадан тыс астық тиелген ауыр жүк көліктерін «Самара-Шымкент» күре жолының көліктік бақылау бекетінен кедергісіз өткізуге уәде берген. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу