Бүгін жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері нашақорлықпен күрес мәселесін талқылады. Жиынға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етті. Сондай-ақ, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысты. Олар атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Жалпы, жастар саясаты жөніндегі кеңестің былтыр тамыз айында өткен отырысында да тап осы синтетикалық есірткімен күрес мәселесі қозғалғанын болатын. Президент халыққа жолдауында және сайлау алды бағдарламасынд да осы мәселенің өзектілігіне тоқталған еді. Қазіргі таңда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жұмысқа Кеңес мүшелері де белсенді түрде атсалысуда. Мамандардың айтуынша, қазір есірткі бизнесі мен нашақорлық бойынша ахуал күрделі.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Есірткі ахуалы өте күрделі. Жыл сайын 15-20 тоннадай есірткі тәркіленеді. Оның 4 пайызы синтетикалық түрлері. Былтыр 580 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Жылына 3 мыңға жуық қылмыс тіркеледі есірткіге байланысты. Оның 60 пайызы өткізу-сатумен байланысты.
Азамат Бейбітұлы