Ел ішінде табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін отбасылар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел ішінде табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін отбасылар көбейген

25.04.2023

Ел ішінде табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін отбасылар көбейген. Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректерге сай, бұл көрсеткіш былтыр 4 пайызға артқан. Яғни экономикалық белсенді халықтың 6 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 40 мың 500 теңгеден төмен табыс табады. Ол шамамен 1 миллион жүз мың адам. Олардың басым бөлігі ауылда тұрады. Әсіресе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында кедейлік деңгейі өршіп тұр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу