Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы активтері шетелдік компаниялардың басқаруына берілді. Бұл жолы Ұлттық банк біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шамамен 10 пайызы, яғни, үш жарым миллиард долларды инвестициялаған. Ол шетелдік сегіз компанияға беріліп отыр. Осы арқылы зейнетақы қоры мен ұлттық банк салымшылардың қартайған шағыма деп жинаған ақшасын көбейтуді көздеп отыр. Ал осы уақытқа дейін қорға 15 триллион теңгеден астам қаржы жиналған.
Досжан Маратұлы