2025 жылға дейін орман және табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақылары екі есе көтеріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Онда мемлекеттік орман күзеті, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғау мекемелері инспекторларының айлығы өсетіні айтылған.
Жалақы биыл шілдеде алдымен 70 пайызға көтеріледі. Ал 2024-те 85, 2025-те 100 пайызға өсіп, қазіргімен салыстырғанда екі есе көп табыс таба бастайды.
Досжан Маратұлы