Суданда қарулы қақтығыс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда қарулы қақтығыс жалғасып жатыр

27.04.2023

Суданда 72-сағаттық бітімге қарамастан ел астанасының кей аудандарында қақтығыс тоқтаған жоқ. «Би-Би-Си»-дің дерегіне сай, атыс қаладағы теледидар және радио ғимараттарына жақын маңда жүріп жатыр. Дегенмен жұмаға дейін жалғасатын бітім кезінде жағдай бұған дейінге қарағанда біраз тынышталған. Осы сәтті пайдаланып, шетелдіктерді, тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Суданда қарулы қақтығыс сәуірдің 15-де басталды. Бұған биліктегі ықпалды топтар арасындағы келіспеушілік себеп болған. Ахуалдың ушығуына байланысты елде азық-түлік, дәрі-дәрмек таусылуға жақын. Дәрігерлер де жетіспейді. Ауыз су табу қиындаған.

Ассем, дүкен қожайыны:

5 күннен кейін азық-түлік қоры таусылады. Көкөніс, жеміспен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Алайда ұн, дәнді-дақыл, қант мүлдем жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу