Бельгияда «Floralia Brussels» халықаралық гүл көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «Floralia Brussels» халықаралық гүл көрмесі ашылды

27.04.2023

Бельгияда «Floralia Brussels» халықаралық гүл көрмесі ашылды. Сұлулық фестивалі 17-ғасырда салынған алып қамалдың ауласында ұйымдастырылған. Жалпы аумағы 14 гектар жерді алып жатқан паркте көпжылдық нәркес, шегіргүл, сүнбіл мен қызғалдақтың түр-түрі бар. Көздің жауын алатын 1 млннан астам гүлді Бельгия мен Нидерланд бағбандары бірігіп еккен. Ұйымдастырушылар, бір ай құлпырып тұратын «гүлдер патшалығын» 50 мыңнан астам адам келіп тамашалайды деп отыр.

Ксавье Пелгримс, көрме ұйымдастырушы:

Биыл біз көрмені 20-рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Мұнда қызғалдақтың 400 түрі бар. Бельгияда жауын көп жауады. Дегенмен, ауа-райы жақсы болып, осындай сұлулықты көп адам көрсе деп тілейміз.

Пьер Кассель, турист:

Біз Франциядан Брюссельге қыдырып келдік. Осы гүлдер көрмесін көру арман еді. Ғажап екен. Хош иісті, әсем гүлдерді көріп, жаным рахатқа бөленді, шаршағыным басылды.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу