Таразда сауда нысандарын салуға несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда сауда нысандарын салуға несие беріледі

27.04.2023

Елімізде базарлардың қызметін реттеу үшін оларды жаңғырту жұмыстары түбегейлі тоқтайды. Бұл туралы Жамбыл облысына барған Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шаққалиев мәлімдеді. Бұл бағыттағы жұмыстар 8 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Тым ұзаққа созылғандықтан, алдағы 2 жылда аяқтау керек дейді. Ол үшін базарларды жаңғыртудың жол картасы әзірленбек. Сауда қызметін дамытып, бағаны тұрақтандырудың заманауи тәсілдерін игеруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ сауда-саттықтағы көлеңкелі табыс тоқтайды дейді Арман Шаққалиев. Енді жаңғыртуды жеделдету үшін жаңа сауда нысандарын салғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру қаралып жатыр. Бұған шамамен 10 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылмақ.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Ол 10 млрд теңге несиенің пайызын төмендету мәселесіне қарастырылған. Ол жаңағы 7 жылға 8 пайызбен берілетін болады. «Даму» арқылы беріледі. Бірақ ол біздің министрліктің бағдарламасы болады.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу