Маңғыстау облысында Каспий теңізіне дизель отыны төгілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне дизель отыны төгілген

27.04.2023

Түпқараған ауданы аумағындағы жағалауда тұрғындар теңіз бетіндегі майды байқап, экологтарға хабар берген. Мамандар Аташ және Баутино ауылы маңына мониторинг жүргізіп, дизельдің «Канта» кемесінен төгілгенін анықтады. Теңізге шамамен 300 литрдей дизель отыны құйылған.

Ержан Жұмашев,  облыстық Экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.:

«Батыс Мұнай Транс» деген мекемеге қарасты «Канта» қайығынан төгілген, сол жерден сынама алдық. Зертханаға анализ өткізіп жатырмыз. Сол анализдің қорытындысы бойынша кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіледі. 


Хабарламаларға жазылу